Хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 21 мамыр мен 30 мамыр аралығында (1-лек) Business.enbek.kz порталында бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 400 АЕК (1 572 800 теңге) мөлшерінде гранттар алуға өтінім қабылдау басталады.

Бұл гранттар әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға өздерінің кәсіпкерлік әлеуетін жүзеге асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға мүмкіндік береді, нәтижесінде тұрақты табыс көзіне ие болуға жағдай жасайды.

 

Грант қаражаты тек мынадай бағыттарды дамытуға беріледі:

Қажетті инвентарь, еңбек құралдары, технологиялық жабдықтар, үй жануарлары, ірі қара мал, құс, көшет, бұта, тұқым, рассада сатып алу; ғимарат жалдау ақысын төлеу.

 

Гранттар мына мақсаттарға берілмейді:

тұтынушылық мақсаттар, несие қарыздарын өтеу, тұрғын үй сатып алу немесе салу, жер телімдерін сатып алу, акциздік өнім өндіру.

 

Грант алу үшін негізгі шарттар:

Грант алушы келесі санаттағы адамдарға жатуы тиіс:

  • Тіркелген жұмыссыздар
  • 3 жылға дейінгі тәжірибесі бар жеке кәсіпкерлер

 

Сондай-ақ келесі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы керек:                                                                                                                                      

– мүгедектігі бар адамдар;

– қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;

– өңіраралық қоныс аударушылар

– аз қамтылған отбасы мүшелері;

– көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);

– мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);

– асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

 

Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығандығы туралы берілген сертификаты болуы тиіс.                                                                                                  

         Толық ақпарат алу үшін “Жангельдин ауданының мансап орталығы” филиалына хабарласуларыңызға болады. Торғай ауылы Қасымхан Алтынсары көшесі 69,

Телефон 26366; 87781750286.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/994781?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді