Айыртау ауданы әкімінің жедел мәселелер жөніндегі орынбасары Б. М. Жантлеуовты тағайындау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 20 мамырда Айыртау ауданы әкімінің орынбасары болып Бақытжан Миктасұлы Жантілеуов тағайындалды.
Б. М. Жантілеуов 1978 жылы 27 шілдеде Көкшетау облысы Володар ауданы Кирилловка ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2004 жылы Орталық Азия университетін “Құқықтану”мамандығы бойынша бітірді.
1997 жылдан 2021 жылға дейін Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының құқық қорғау органдарында қызмет атқарды. Еңбек жолын патрульдік полиция батальонының жедел ден қою взводында полиция қызметінен бастады, кейін Ақмола облысы ІІБ “АРЛАН” арнайы күштерінің бөлімшесінде жауынгер-шабуылшы болды, кейін Айыртау ауданының учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды, полиция органдарында басшылық құрамның бірқатар лауазымдарын атқарды, осы кәсіби мансап сатыларынан өтіп, Айыртау ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметін басқарды.
2021 жылдан 2025 жылға дейін Имантау ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеді. 2025 жылғы 20 мамырдан бастап Айыртау ауданы әкімінің жедел мәселе жөніндегі орынбасары болып тағайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1000753?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді