БАЙДАРКА МЕН КАНОЭ ЕСУДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ 20-ҒА ЖУЫҚ АЛТЫН МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Шымкент қаласында байдарка және каноэ есуден 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өз мәресіне жетті. 12-17 мамыр аралығында Бадам суқоймасында елдің 11 өңірінен келген 150-ден астам спортшы бақ сынады. Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері 19 алтын, 4 күміс, 6 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте 1-орынға ие болды.
Каноэ жарысында төрт алтын медаль еншілеген Даулет Шалдар пен Бекзат Шалдар ел чемпионы атанды. Байдаркада Зоя мен Злата Прядка есімді әпкелі-сіңлілер қарсылас шақ келтірмей, 13 алтын медаль жеңіп алды. 500 метр қашықтықтағы байдарка-төрттікте Құтан Қарақат пен Ева Воробьева облыс қоржынын тағы екі алтынмен толықтырды.
 
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/998561?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді