
Қазіргі таңда елімізде жастардың тәрбиесіне, олардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Осы бағытта «Саналы ұрпақ – адал ұрпақ» жобасы аясында мектебімізде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушыларға адалдық, шыншылдық, әділеттілік ұғымдарының мән-маңызы түсіндіріліп, оларды өмірде қолдану жолдары талқыланды. Сонымен қатар, төмендегідей жұмыстар атқарылды:
«Адалдық сағаты» аясында барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. Онда адал болу, шыншылдық пен әділдіктің қоғамда алатын орны жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Адалдық – ардың ісі» тақырыбында эссе жазу байқауы ұйымдастырылып, оқушылар өз ой-пікірлерін шығармашылық түрде жеткізе білді.
Оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында пікірталас өтіп, қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерге көзқарастарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/998563?lang=kk
Жауап қалдыру