Құрықта жаңа «Street workout» алаңы пайдалануға берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрықта жаңа «Street workout» алаңы пайдалануға берілді

Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылындағы «Автобаза» көшесі мен №9 шағын аудандағы ашық спорт алаңының жанынан жаңа «Street Workout» алаңы салынып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба тұрғындардың денсаулығын нығайту мен бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды. Алаңда барлық жастағы тұрғындарға арналған заманауи спорттық жабдықтар орнатылған.

Атап айтқанда, комбинацияланған жаттығу кешені, армрестлинг үстелі, қадамдағыш тренажер, ескек есу, твистер, кеудеден итеру тренажері, орындықтар мен қоқыс жәшігі де бар.

– Бұл алаң – тек спортпен шұғылданатын орын ғана емес, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізіп, денсаулығын нығайтатын ортаға айналмақ. Алаң ашық әрі еркін қолжетімді. Таңертең сергіп, кешке серуендеп, достарыңызбен жаттығу жасау үшін таптырмас орын, – дейді ауыл әкімі Сыдиық Есенкелдіұлы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1000509?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді