Жауап:
1.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Электрондық үкімет порталы арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша халықтық кеңсе арқылы өтініш білдіреді.
2.Қала, аудан бойынша орналасқан Мансап орталығы 1 жұмыс күн ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға жолдайды.
3.Учаскелік комиссия 7 жұмыс күн ішінде өтініш берушінің мұқтаж немесе мұқтаж еместігін айқындап, комиссия қорытындысын мансап орталығына береді.
4.Мансап орталығы 3 жұмыс күні ішінде алдын ала шешім жобасын қабылдап , уәкілетті органға құжаттарды хатпен жолдайды
5.Уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде құжаттарды тексеріп тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
5.1 Екінші деңгейлі комиссия тағайындалған және келіп түскен құжаттарға зерделеу жұмыстарын жүргізеді.
- Тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім 14 жұмыс күн ішінде қабылданады.
7.Қорытындысы бойынша төлем жүргізіледі
Атаулы әлеуметтік көмектің түрлері:
Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты.
Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
Шартты ақшалай көмек – өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар жалғызілікті және жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабілетті адамдарға, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу және қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысу.
Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі:
1) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті немесе жалғыз тұратын аз қамтылған адамдарға:
зейнеткерлік жасқа толуына;
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты.
2) Құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі:
үш жасқа дейінгі балаға;
мүгедектігі бар балаға;
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға;
бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.
Шартсыз ақшалай көмек өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Шартты ақшалай көмек жалғызілікті не жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға, ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда, ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетіледі.
Атаулы әлеуметтік көмек Кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1004783?lang=kk
Жауап қалдыру