
Қазақстанда 2024 жылы 1 шілдеден бастап дәрілік заттарды міндетті таңбалау енгізілді. Тұтынушылар арасында неге кейде Data Matrix кодын Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы сканерлегенде дәрі-дәрмек туралы ақпарат көрсетілмейді деген сұрақ туындауы орынды. Қай жағдайларда бұл мүмкін және неге кейбір қаптамаларда Data Matrix коды жоқ екенін түсіндіреміз.
2024 жылғы 1 шілдеден бастап шығарылған барлық дәрі-дәрмектер таңбаланудан өтіп, деректері «Tanba» Бірыңғай таңбалау және қадағалау операторының жүйесіне жіберілуі міндетті. Сол дәрілер туралы ақпарат Naqty Onim мобильді қосымшасындағы Data Matrix кодын сканерлеу арқылы қолжетімді.
2024 жылғы 1 шілдеге дейін шығарылған препараттар таңбалау мен қадағалау міндетті емес. Дегенмен, 2022 жылғы 1 шілдеден бастап шығарылған 90 атаулы дәрі-дәрмек міндетті таңбалау тізіміне енгізілген. Алайда, дәрілік заттарды таңбалау жобасының жетекшісі Анар Қарибаеваның айтуынша, бұл препараттар үшін бақылау міндетті болмағандықтан, сканерлегенде тауардың қозғалыс тізбегі көрсетілмей, тек Data Matrix кодын кім енгізгені туралы ақпарат шығады.
«Тұтынушы Data Matrix кодын қосымша арқылы сканерлегенде дәрі туралы ақпарат шықпаса не істеу керек? Егер препарат 2024 жылғы 1 шілдеден кейін шығарылған болса, бірақ қаптамасында Data Matrix коды болмаса немесе оның бақылау деректері ашылмаса, қолданушы Naqty Onim қосымшасындағы «Көмек» бөлімінде мемлекеттік органға өтініш жолдай алады, осылайша бұзушылық туралы хабарлайды», — «Tanba» Бірыңғай таңбалау және қадағалау операторының өкілі деп түсіндіреді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда биологиялық белсенді қоспалар мен медициналық құралдар міндетті таңбалауға жатпайды. Биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылу сатысында, медициналық құралдарды таңбалау пилоты жоспарлануда. Оларға Data Matrix кодтарын қою талаптары әлі қолданылмайды, сондықтан мұндай тауарларда таңбалау болмауы бұзушылық деп саналмайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1004782?lang=kk
Жауап қалдыру