ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалық еткен кезекті аппараттық жиын өтті. Кеңесте күн тәртібіне сәйкес екі маңызды мәселе қаралды.

Жиын барысында алғашқы болып ауыл әкімдері сөз алып, өз әкімшілік аумақтарындағы мүліктерді түгендеу, заңсыз құрылыс фактілері, жер қойнауын заңсыз пайдалану жағдайлары бойынша есеп берді.

Қала басшысы тиісті сала жетекшілеріне заңсыз әрекеттердің алдын алуды күшейтіп, жергілікті жерлерде нақты бақылау шараларын жүргізуді тапсырды.

Күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша қала әкімдігі аппаратының құжаттандыру-әкімшілік бөлімінің басшысы Айсұлу Сейітметова баяндама жасады. Ол тұрғындар тарапынан түскен арыз-өтініштердің орындалу барысы жайлы ақпарат беріп, есептік мәліметтер мен жауапты бөлімдердің жұмыс нәтижелеріне тоқталды.

Жиын соңында қала әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, халықпен тиімді кері байланыс орнатуды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1004998?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді