ТАРАЗ САХНАСЫНДА “АРШЫН МАЛ АЛАН” ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының гастрольдік сапары аясында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының сахнасында әйгілі әзербайжан композиторы Узеир Гаджибековтың “Аршын Мал Алан” музыкалық комедиясы көрерменге ұсынылды.

Көпшіліктің асыға күткен бұл қойылымының алдында сахна төріне арнайы көтерілген театр тарланы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімов, сондай-ақ театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек көрерменге жүрекжарды лебіздерін білдірді. Сахнаға көтерілген Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек өз сөзінде еліміздің рухани кеңістігінде айрықша орны бар Әуезов театрының Тараз төрінде өнер көрсетуі – өңір мәдениеті үшін үлкен мәртебе екенін атап өтіп, театр ұжымына алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Көп ұлттың жүрегінен орын алған бұл комедия жеңіл әзілмен астасқан терең мағынасы, әсем әуендері және шынайы актерлік шеберлігі арқылы тараздық көрерменнің зор ықыласына бөленді.

 Гастрольдік сапар аясында Әуезов театрының ұжымы Тараз тұрғындарына бірқатар қойылымдарды ұсынуды жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1002470?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді