ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін Түркістанда 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған іс-шара өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, сала қызметкерлерін құттықтады.
– Қасиетті Түркістан өңірінің дамуында сіздердің үлестеріңіз мол. Мемлекет басшысының Жарлығымен Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Бұл бастама аймақта мәдениет саласын дамытуға да серпін береді. Өңірде көптеген мәдениет ошақтары салынып, халыққа рухани қызмет көрсетіп келеді. Өнер мен мәдениет саласының дамуындағы үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білідіремін. Облыс орталығына айналған қасиетті шаһарда руханиятқа, өнерге айрықша көңіл бөлініп келеді. Мұның бәрі Түркістанның жаңаша бағытта дамуына жасалған оң қадамдар деп білеміз. Алдағы уақытта да Түркі әлемінің рухани бағдарына айналған шаһарда мәдени іс-шаралар жалғасады, – деді облыс басшысы.
Жиын барысында елдің әлеуметтік-мәдени және қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар мәдениет қызметкерлері мемлекеттік наградаларға ие болды.
Өңір басшысы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директор орынбасары Нұрлан Дүкенбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалін, «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айгорим Мусагажиноваға және «TURKISTAN SILK WAY HARBOR» ЖШС-нің бөлім меңгерушісі Махсад Халметке «Шапағат» медалін, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әртісі Айжан Ахмухановаға табыстады. Сондай-ақ бір топ өнерпаз ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов пен «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев те мәдениет өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады.
Алдымен қонақтар арнайы жасақталған кітап көрмесін тамашалады. Мерекелік шарада мәдениет саласындағы жетістіктер туралы бейнефильм көпшілік назарына ұсынылды. Түркістан музыкалық драма театрының әртістері музыкалық-хореграфиялық қойылымды сахналады. Кеш барысында қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ғазизхан Шекербеков, «Сарын» тобы, «Фараб» би ансамблі, «Саялы Сарыағаш» ансамблі, «Жаңа леп» ұжымы және тағы басқа облыс таланттары өнер көрсетті.
Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан облысында 669 мәдениет және өнер мекемесі бар. Оның iшiнде 387 кiтапхана, 258 клуб мекемесі, 24 мәдениет және өнер мекемесі халыққа мәдени қызмет көрсетіп келеді. Түркістан қаласынан бөлек, облыстың басқа аймақтарында да мәдениет саласында оң өзгерістер байқалады. Өткен жылдың өзінде аудан, қалаларда 4 мәдениет үйі пайдалануға берілсе, биыл 7 мәдениет ошағының құрылысы жүргізіліп жатыр. Облыстық мәдениет мекемелері республикалық, халықаралық байқауларда өңір намысын қорғап, жүлдегерлер қатарынан көрінуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_______________
В ТУРКЕСТАНЕ ЧЕСТВОВАЛИ РАБОТНИКОВ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА
Сегодня в Туркестане прошло мероприятие, посвященное Дню работников культуры и искусства Республики Казахстан. В торжественном мероприятии принял участие аким области Нуралхан Кушеров, который поздравил работников отрасли.
– Вы вносите большой вклад в развитие нашего региона. Указом Главы государства Туркестану присвоен особый статус. Эта инициатива придаст импульс развитию сферы культуры на местном уровне. В регионе построено немало объектов культуры. Выражаю искреннюю благодарность за ваш вклад в развитие сферы искусства и культуры. Особое внимание уделяется укреплению духовных ценностей, искусству. Все это позитивные шаги к развитию Туркестана в новом направлении. В дальнейшем в городе будут продолжены культурные мероприятия, направленные на укрепление духовных ориентиров тюркского мира, – сказал глава области.
За значительный вклад в социально-культурное и общественное развитие страны ряд работников культуры получили государственные награды.
Глава региона вручил медаль “Ерен еңбегі үшін” заместителю директора национального историко-культурного музея-заповедника “Азрет Султан” Нурлану Дукенбаеву. Председатель республиканского общественного объединения QazaqGeography Айгерим Мусагажинова и заведующий отделом ТОО “TURKISTAN SILK WAY Harbour” Махсад Халмет удостоены медали “Шапағат”. Артистке областной филармонии имени Шамши Калдаякова Айжан Ахмухановой было присуждено почетное звание “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері”. Ряд артистов был награжден нагрудным знаком Министерства культуры и информации РК «Еңбек ардагері», нагрудным знаком «Мәдениет саласының үздігі», почетными грамотами и благодарственными письмами акима Туркестанской области.
Председатель Туркестанского областного маслихата Нуралы Абишов и председатель регионального филиала партии Amanat Алтынсары Умбеталиев также поздравили представителей культуры с профессиональным праздником и наградили их благодарственными письмами.
В рамках мероприятия гости посетили специальную книжную выставку. На встрече был представлен видеофильм о достижениях в сфере культуры региона. Артисты Туркестанского музыкально-хореографического театра представили музыкально-хореографическую постановку. Перед зрителями выступили яркая звезда казахской эстрады Газизхан Шекербеков, группа «Сарын», ансамбль танца «Фараб», ансамбль «Саялы Сарыагаш», коллектив «Жаңа леп» и другие талантливые артситы.
Отметим, в Туркестанской области насчитывается 669 учреждений культуры и искусства. Это 387 библиотек, 258 клубных учреждений, 24 учреждения культуры и искусства. Развивается сфера и сельской местности. В прошлом году в районах и городах области ввели в эксплуатацию четыре Дома культуры. В этом году ведется строительство семи объектов культуры. Областные учреждения защищают честь региона на республиканских и международных конкурсах и становятся призерами.
Жауап қалдыру