ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ОҚУШЫСЫ ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК 40-ҚА ЖУЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ
Сарыағаш ауданындағы Қапланбек ауыл округіне қарасты Қанағат ауылындағы №7 Төле би атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан әлемнің беделді 36 университетінен шақырту алған. Халықаралық қатынастар мамандығын таңдаған жас түлек дүниежүзіндегі озық университеттерде білім алып, өз саласын жетік меңгерген майталман маман болуды армандайды. Әлем назарын аудартқан талапты оқушының ҰБТ-дағы бағалары да көз қуантарлық. Білім сынағының соңғы нәтижесі бойынша 111 ұпай жинаған.
Ауыл мектебінде оқитын Ақжүніс Асылханқызы шетелде оқып, жаңа ортада өзгенің мәдениетін танысам, білім көкжиегімді кеңейтсем деген ниетпен үздіксіз ізденген. Нәтижесінде ол Дубай, Түркия, Малайзия, Канада, АҚШ сынды дамыған елдердегі университеттерге құжатын жіберіп, 36-сынан шақырту алған. 16 жастағы оқушы Американың – 17, БАӘ – 5, Түркияның – 6, Малайзияның – 5 университетінің грантын ұтып алып, Канаданың 1 университетіне президенттік стипендиямен оқуға шақыртылып отыр.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап үздіктер тақтасынан түспеген Ақжүніс Атахан оқуда озат, ізденімпаз оқушылардың қатарынан көрініп келеді. Ақжүністің жетістігі – өңірдегі өзге оқушыларды қанаттандырды. Өйткені ол аталмыш білім ордасынан шетелдік оқу орындарынан шақырту алған алғашқы шәкірт. Талапты жас жаһанның мықты университетінің бірінде оқуын тәмамдап, елге қалтқысыз қызмет етуді мақсат етіп отыр.
_______
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ СЕЛЬСКАЯ ШКОЛЬНИЦА ПОЛУЧИЛА ПРИГЛАШЕНИЕ ПОЧТИ ОТ 40 ЛУЧШИХ УНИВЕРСИТЕТОВ МИРА
Ученица 11 класса общеобразовательной школы №7 имени Толе би села Канагат сельского округа Капланбек Сарыагашского района Акжунус Атахан получила приглашение от 36 престижных университетов мира. Выпускница, выбравшая специальность “Международные отношения”, мечтает стать профессионалом, обучающимся в ведущих университетах мира и в совершенстве владеющим своей областью. Порадовали и оценки старательной школьницы, привлекшей внимание всего мира. По окончательному результату теста на знание она набрала 111 баллов.
Акжунус Асылханкызы, обучающаяся в сельской школе, постоянно искала возможность учиться зарубежом, познакомиться с чужой культурой в новой среде, расширять кругозор знаний. В результате она направила документы в университеты в таких развитых странах, как ОАЭ, Турция, Малайзия, Канада, США и получила 36 приглашений. 16-летняя школьница выиграла гранты университетов в США – 17, в Дубае – 5, в Турции – 6, в Малайзии – 5 и была приглашена учиться на президентскую стипендию в одном университете Канады.
Акжунус Атахан, который не сходила с доски отличников с самого начала школы, является одной из самых продвинутых и любознательных учениц в учебе. Успех Акжунус – вдохновил других школьников региона. Ведь она первый выпускник, которая получила приглашение из зарубежных учебных заведений. Она мечтает обучиться в одном из сильнейших университетов мира и в будущем беспрепятственно служить стране.
Жауап қалдыру