
ТҮРКІСТАНДА «БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!» АТТЫ ШАРА ӨТТІ
Түркістан қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!» атты ауқымді іс-шара өтті. Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – балалардың өмір қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайларда жүріс-тұрыс ережелерінің маңыздылығын түсіндіру, алғашқы көмек көрсету және жарақаттанудың алдын алу дағдыларын дамытуға жәрдемдесу.
Жиында құтқарушылар балаларға түрлі сайыстар ұйымдастырып, шеберлік сабақтарын өтті. Сондай-ақ, бүлдіршіндерге концерттік бағдарлама ұсынып, төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар, балаларға жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, жиынға қатысқан бүлдіршіндерге түрлі сыйлықтар үлестірілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1007472?lang=kk
Жауап қалдыру