Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
КЕЛЕСТІК ӨНЕРПАЗДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Өзбекстанда өткен I Халықаралық көпжанрлы «Nuray Art Fest» байқауында келестік бишілер топ жарды. Ел мерейін үстем еткен «Ай-Луна» би тобы көрерменнің көзайымына айналып, қазылар алқасының шешімімен жүлделі І орынды иеленді. Байқауға «Үйірмелер әлемі» шығармашылық орталығы және жеке кәсіпкер Сафура Андабаеваның қолдауымен қатысқан би тобы 7-8 жас аралығындағы 13 жас бишіден құралған. Топты өнер бәйгесіне хореограф Зарина Бекемқұлова дайындаған.
Сайыс барысында жас өнерпаздар қазақ биінің көркемдігі мен ұлттық нақыштағы би қимылдарын жоғары деңгейде сахналай білген. Шығармашылық ұжымның өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаға ие болды. Байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Топ жетекшісі Зарина Бекемқұлованың айтуынша, бұл жеңіс – ұзақ уақыт бойы жасалған еңбектің жемісі. Сонымен қатар, ол алдағы уақытта да халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуді мақсат етіп отырғанын жеткізді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1007471?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді