Астанада жедел-іздестіру қызметі туралы заңнаманы жетілдіру мәселесі талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтың төрағалығымен “Қазақстан Республикасындағы жедел-іздестіру қызметі туралы заңнаманы жетілдіру: проблемалар, халықаралық тәжірибе және дамудың келешегі” тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының, Сот әкімшілігінің, Бас прокуратураның өкілдері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, ІІМ және прокуратураның ведомстволық академияларының басшылығы, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. 

Конференцияның мақсаты – адамның өмірін, денсаулығы мен мүлкін қорғауға бағытталған конституциялық құқықтарын сақтаудың тиімді құралдарын әзірлеу. 

Сөз сөйлеушілер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің қалыптасқан тәжірибесін, озық халықаралық тәсілдерді, сондай-ақ осы қызметті жетілдірумен байланысты, оның ішінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұсыныстарды қарады. 

Отырысқа қатысушылар Ішкі істер министрлігі жүргізіп жатқан жұмыстың өзектілігін атап өтіп, одан әрі өзара іс-қимылға дайын екендіктерін айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1008188?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді