Ұлытау облысы бойынша МКД басшысы тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          Азат Тоқтарбекұлы Исенов Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

        1998 жылы Р. Баисеитов атындағы Семей қаржы-экономика колледжін «Бухгалтер-ревизор» мамандығы бойынша, 2002 жылы «Семей» мемлекеттік университетін «Қаржы-экономика бакалавры» мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазақ гуманитарлық – заң университетін «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

        Еңбек жолын 1998 жылы бастаған.

        Мемлекеттік кірістер органдарында 2000 жылдан бастап жетекші маман, бас маман болып жұмыс істей бастады. Кейін Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысының орынбасары және Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.

       Соңғы жылы Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1008187?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді