1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған «Бала – өмір шуағы» атты аудандық оқушылар шеруі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауданның білім бөлімінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған «Бала – өмір шуағы» атты аудандық оқушылар шеруі өтті. Шеруге аудандық білім бөліміне қарасты 42 білім беру ұйымдарының 600-ге тарта оқушылары қатысты. Шеруді қазақтың киелі аспабын серік еткен «Жас домбырашылар» бастады. Мерекелік шараға аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы қатысып, барлық бүлдіршіндерді төл мерекесімен құттықтады.. Аудан кәсіпкерлірінің демеушілігімен оқу жылының қорытындысы бойынша халықаралық, республикалық деңгейдегі олимпиадалар, ғылыми жобалар, спорт және өнер сайыстарының жеңімпазы атанған 16 үздік оқушыға алғыс хаттар мен спорттық велосипедтер, планшеттер табысталды. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудан әкімдігі тарапынан балаларға арналған мың дана балмұздақ таратылды.
Мерекелік шара концертпен жалғасып, ауданның жас өнерпаздары әннен шашу шашып, әсем билерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1009859?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді