“Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ Сізді қырағы болуға шақырып, дербес деректеріңізді мұқият қорғау қажеттілігі туралы ескертеді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Ондай кезде қаскүнемдер өздерін мемлекеттік органдардың немесе қаржы ұйымдарының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың жеке мәліметтеріне қол жеткізуге тырысады.

Назар аударыңыз:

  • “БЖЗҚ” АҚ қызметкерлері телефон арқылы қоңырау шалмайды.

o ЖСН, жеке куәлік нөмірі;

o банктік карталар немесе шоттар туралы мәліметтер;

o SMS растау кодтары;

o қолданбалар мен басқа қызметтердің құпия сөздері

туралы мәліметтерді беруіңізді өтінбейді.

  • “БЖЗҚ” АҚ телефон арқылы ықтимал күдікті әрекеттер немесе “қаражатты бұғаттау” туралы хабардар етпейді.
  • Кез келген ресми ақпарат салымшының жеке кабинеті, Қордың ресми сайты арқылы немесе салымшы “БЖЗҚ”АҚ филиалына жеке өтініш жасаған кезде беріледі.

Өзіңізді қалай қорғауға болады:

  • Өздерін “БЖЗҚ” АҚ немесе мемлекеттік құрылымдардың қызметкері ретінде таныстырса да, құпия деректеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз.
  • Түскен ақпараттың дұрыстығын ресми дереккөздер (www.enpf.kz сайты, 1418 байланыс орталығы) арқылы тексеріңіз.
  • Күмәнді қоңыраулар жасалып, хабарламалар алған жағдайда — қарым-қатынасты дереу тоқтатып, алаяқтық әрекет туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

 

Зейнетақы жинақтарыңыз бен жеке мәліметтеріңізге сақ болыңыз! Оларды сауатты қорғай біліңіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-astana/press/news/details/1009858?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді