2025 жылғы 30 мамырда Жетісу облысының Талдықорған қаласында Қазақстан мәслихаттары депутаттарының республикалық бірлестігінің есептік отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 30 мамырда Жетісу облысының Талдықорған қаласында Қазақстан мәслихаттары депутаттарының республикалық бірлестігінің есептік отырысы өтті. Отырыс жұмысына Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ещанов қатысты.

Іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев, “Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі” РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев, мемлекет және басқару институтының ректоры Әбікен Тоқтыбеков, барлық өңірлер мәслихаттарының төрағалары, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенаты жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері қатысты.

Отырыс шеңберінде депутаттық корпус жұмысының негізгі бағыттары, атқарушы билікпен өзара іс-қимыл тетіктері, депутаттардың біліктілігін арттыру, мәслихаттардың институционалдық рөлін нығайту және халық тарапынан сенімді арттыру мәселелері талқыланды. Талқылау қорытындысы бойынша нақты шешімдер қабылданды және перспективаға арналған міндеттер айқындалды.

Сонымен қатар, сапар аясында отырысқа қатысушылар Талдықорғанның бірқатар әлеуметтік және спорттық нысандарымен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1008939?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді