Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы, “Ақ жол” демократиялық партиясынан облыстық мәслихаттың депутаты Махаббат Жутаев қазақстандық делегация құрамында Қытай Халық Республикасында жұмыс сапарына қатысты.
Сапардың соңғы күндері Сиань қаласында қарқынды және мазмұнды форматта өтті. Делегация Қытайдың жетекші автокомпанияларының бірі — BYD-ге барып, заманауи электромобильдер өндірісінің технологияларымен танысты.
Сапар бағдарламасында тұрақты даму мәселелеріне ерекше назар аударылды. Шэньси провинциясының әлеуметтік ғылымдар академиясында сарапшылар өндіріс тиімділігін арттыру және ғылымды дамыту тәсілдерін ұсынды.
Ресми бөлім аясында Шэньси провинциясының губернаторымен кездесу өтті, оның барысында партияаралық және өңіраралық өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды.
30 мамырда делегация Янлин демонстрациялық аграрлық аймағына барды, онда ауыл шаруашылығы және аграрлық жаңғырту саласындағы инновациялық шешімдер ұсынылды.
Қабылдаушы тарапқа сапарды ұйымдастырудың жоғары деңгейі мен жылы қабылдауы үшін ризашылығымызды білдіреміз, сондай-ақ халықаралық бағдарламаға қатысуға мүмкіндік бергені үшін “Ақ жол” демократиялық партиясының басшылығына алғыс білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1008938?lang=kk





Жауап қалдыру