
Ақай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтуде
Бүгін Ақай ауылдық округінде ауыл әкімінің сайлауы өтуде. Қазіргі таңда, №116, №350 сайлау учаскелерінде жалпы 3714 сайлаушы тіркелген.
Сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-ден бастап ашылып кешкі сағат 20:00 дейін жұмыс жасайда. Ақай ауылында өтіп жатқан ауыл әкімін тікелей сайлаудың жергілікті халық үшін маңызы ерекше.
Сондықтан ауылдық округ тұрғындары сайлауға белсенді қатысып, қарқынды дауыс беруде.
Сондай-ақ, сайлаудың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында әр кандидаттың сенім білдірілген өкілдер мен қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары сайлау үдерісіне жіті бақылау жүргізуде.
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1008856?lang=kk

Жауап қалдыру