
Ағымдағы жылдың 30 мамырында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Риддер қаласының ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалының аға сот орындаушысы Р. Манапованың, «Халықаралық Медиация орталығы» РҚБ медиаторы А.Кустаеваның қатысуымен халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында, Бутаково ауылының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Кездесу барысында барлық ауыл тұрғындарына кәсіби заңгерлік кеңес, соңдай-ақ проблемалық мәселелерді шешу бойынша құқықтық көмек көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1009972?lang=kk

Жауап қалдыру