
Қабылдауға келген ақтөбеліктер тұрғын үй алу, мүлікті жекешелендіру, денсаулық жағдайы, сондай-ақ жер және әлеуметтік мәселелерге қатысты сұрақтарын қойды.
Өтініш білдіргендердің арасында әлеуметтік осал топ өкілдері, мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы отбасылар, сондай-ақ тұрғын үй кооперативінің үлескерлері бар.
📌Жиі көтерілген мәселелердің бірі – баспана. Осыған сәйкес, азаматтарға жалға берілетін коммуналдық тұрғын үйді бөлу тәртібі мен қолданыстағы заңнамаға сәйкес баспанаға кезекті сақтау қажеттілігі туралы ақпарат берілді.
🔹Бұдан бөлек, сатып алынған тұрғын үйді жекешелендіру және жер учаскелерін беру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, үлескерлердің проблемалары қозғалды. Олар құрылыс жоспарланған жер учаскесінің құқықтық мәртебесіне қатысты алаңдаушылық білдірді.
🔸Әрбір өтініш бойынша тиісті органдарға нақты тапсырмалар беріліп, кейбір мәселелер облыс әкімінің жеке бақылауына алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport/press/news/details/1009561?lang=kk
Жауап қалдыру