Жамбыл облысы бойынша Cот сараптамалары институтының қызметкерлерімен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Жамбыл облысы бойынша Cот сараптамалары институтының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК Қазақстандағы сот сараптамасының мемлекеттік жүйесін құрайды. Сот-сараптама қызметінің міндеті қылмыстық, азаматтық істер бойынша, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамасын жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.

Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша Департаментінің қызметкері А.Ажибаев, Жамбыл облысы бойынша Cот сараптамалары институтының директоры Б.Кусканбаев және қызметкерлер қатысты.

Кездесу барысында Өкіл Қазақстан Республикасының Конституциясының, БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, оның маңызы мен міндеті, адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары оларды қорғау және іске асыру тетіктері, сондай-ақ Конституцияда адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтар, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелері мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілінің функционалдық міндеттері мен атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/1009562?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді