
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Целиноград ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес Кызылсуат ауылдық округіне қарасты Аққайың ауылында төртінші деңгейлі бюджет аясында көше жарығын орнату жұмыстары басталды.
Енді 2-ықшамаудандағы 300 метр көше жарықтанып, әсіресе бүлдіршіндер үшін қауіпсіз әрі жайлы бола түсті. 10 заманауи жарық шамы орнатылып, түнгі уақытта тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі едәуір артты.
Бұл жоба тек инфрақұрылымды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар әрбір баланың өзіне деген қамқорлықты, назар мен қолдауды сезінуіне жағдай жасауға бағытталған. Өйткені көше шамы – бұл өсіп келе жатқан ұрпақтың жарқын болашағының символы.
Көше жарығын орнату жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатын болады, жаңа аумақтар мен аулаларды қамту жоспарлануда. Ауылдық округ әкімдігі аталған маңызды жобаның жүзеге асуына белсенді атсалысқан тұрғындарға алғысын білдіреді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1010055?lang=kk

Жауап қалдыру