Біздің мемлекеттік рәміздер — ту, елтаңба, әнұран.
1992 жылдың 4 маусымы — ел тарихында ерекше мартебелі күн. Бұл күні Республика жоғарғы кеңесі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және елтаңбасын бекітті.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі.
Туда көк аспан, алтын күн және ою бейнеленген. Көк аспан аспанымыздың ашық болуын білдіреді. Алтын күнді көк аспанымызда жарқырап күн болсын деген ниетпен бейнелейді. Ал елтаңбада пырақ, шаңырақ, уық бейнеленген.
Қазақстан Республикасы өзге алпауыт мемлекеттермен иық тіресіп, талай елдің төрінде әнұраны шырқалып, көк туы желбіреген Қазақстанды төрткүл дүние танып, мойындады десек артық айтқандық емес.
Ұлттық патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге деген ыстық ықылас – адамның рухани болмысын айқындайтын асыл ұғым. Ал, Отанға деген сүйіспеншілікті әрбір жүрекке ұялататын елдің нышандары екені сөзсіз. Тәуелсіздік төсбелгісіне айналған рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азамат үшін қасиетті борыш.
Осыған орай, Департамент ұжымы – баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, әрдайым ел іші мерекелі де берекелі, елтаңбамыз – еңселі, туымыз – тұғырлы, әнұранымыз – айбынды болсын.
Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын!
Жауап қалдыру