
Балалардың сауықтыру лагерлерінде масалар мен шыбын-шіркейлерге қарсы күресте физикалық әдістерді, химиялық заттарды (қажет болған жағдайда) және алдын алу шараларын біріктіретін кешенді тәсілді қолдану қажет. Бөлмелердің жақсы желдетілуін қамтамасыз ету, терезелер мен есіктердегі торларды пайдалану және аумақтарды үнемі дезинсекциялау аса маңызды.

Масалар мазаны алып, шағып, қышындырып, аллергия тудырып қана қоймай, қауіпті аурулардың тасымалдаушысы бола алады. Мәселен, безгек, сары безгек, Зик безгегі және адам өмірі мен денсаулығына қауіпті басқа да инфекцияларды жұқтырады. Бұл аурулар тропикалық елдерде өте жиі кездеседі және біздің елге енгізілуі мүмкін.

Балалардың сауықтыру лагерьлеріндегі тамақтану орындарын, жатын орындарын, моншаларды, бассейндерді, душ кабиналарын дезинфекциялау бойынша қосымша шаралар мен іс-шаралар жәндіктердің болуын барынша азайтады. Балалардың сауықтыру лагеріндегі барлық корпустардың беттерін және шөпті аймақтарды мерзімінен бұрын өңдеу буын аяқтылардың шағуынан және олардан инфекция жұқтырудан сақтайды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 мамырдағы № 123-VII ҚРЗ Заңының 1-бабы 13-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Заңға бірінші санаттағы рұқсат, денсаулық сақтау саласындағы дератизация, дезинфекция, дезинсекция бойынша қызметтер көрсетуге арналған лицензия бөлігінде толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-126 бұйрығымен «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына денсаулық сақтау саласындағы дезинфекция, дезинсекция, дератизация бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия беру тәртібін айқындау бөлігінде толықтырулар бекітілді.

Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың өнімдерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелген құралдар қолданылады. Санитариялық қағидалармен дезинфекциялау, дезинсекция, дератизация бойынша қызметтерді жүзеге асыратын объектілерге қойылатын талаптар, оның ішінде құралдардың жұмыс ерітінділерін дайындау шарттары, оларды қолдану тәсілдері, сондай-ақ пайдаланылатын препараттарға қойылатын талаптар регламенттелген.

Лагерьлердің аумақтарын дезинсекциялық өңдеу жазғы демалысқа дайындық кезеңінде, сауықтыру объектісі ашылғанға дейін, адамдар болмаған кезде жүргізіледі.

Бала масалардың шағуынан қалай өздігінен қорғана алады:
– Жабық киім кию;
– Ересектердің бақылауымен рұқсат етілген репелленттерді қолдану;
– Терезелерде масалардан қорғанатын торлар болуы керек;
– Жарық қосулы тұрған кезде терезені ашық ұстамау, өйткені масалар жарыққа ұшады.
Жауап қалдыру