
Әрбір оныншы өрт мектеп жасындағы балалардың, жасөспірімдердің отпен ойнауынан, бұзақылығынан болып жатады. Көптеген балалар үйде немесе көшеде отпен ойнағанды ұнатады. Заң бойынша өрт шығарған балалардың жауапкершілігін ата-анасы өз мойнына алады және шығынын төлейді.
Сонымен қатар қазіргі таңда жаз айының басталып күннің қатты ысуынан үйлерде, мекемелерде басқа жайларда салқындатқыш (кондиционер), желдеткіш тағыда басқа заттарды пайдаланып жатады.
Электр құрылғыларының істен шығуынан да өрт жиі болып тұрады.
Екі-үш немесе бірнеше электр сымдарының бірігіп кетіп тұйықталып қалуынан болатын ақауды «тұйықталу» деп атайды. Бір уақытта бірнеше қуатты электр аспаптарын электр жүйесіне қосуға болмайды.
Қысқа тұйықталу кезінде электр жүйелерінің тоқ күші күшейіп, салдарынан өрт оқиғасы пайда болады. Қысқа тұйықталу көбінесе электр қондырғыларды іске қосу барысында байқалады, әсіресе ашық-шашық сымдар, сынған розеткалардан шығады. Қысқа тұйықталу кезінде өрттің алдын алып электр желісінен ажыратып тастау керек.
– қосымша электр құралдары мен қолдан жасалған газ плиталарының қосылуын болдырмау;
– тоқ желісіне қолдан жасалған электр қыздырғыштарын қостырмау;
– кеңселер мен бөлмелерден шығар кезде міндетті түрде электр,
– газ құралдарымен және электр жарықтандыру нүктелерін сөндіру;
Өрт болған жағдайда, ең алдымен, ұялы телефонынан 101 немесе 112 нөмірін теріңіздер. Асықпай өрттің қай жерде болып жатқандығын анықтап айтыңыз. Мүмкін Сізге кезекші диспетчердің қоятын сұрағы бар шығар.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1010919?lang=kk

Жауап қалдыру