Ақтау әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлерге Президенттік жастар кадр резерві таныстырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов Ақтау қаласы әкімдігінің қызметкерлерімен кездесіп, Президенттік жастар кадр резерві туралы жиын өткізді.

Жиын барысында Тоқтамыс Жұмағұлов Президенттік жастар кадр резервінің мақсаты – ел болашағын жауапкершілікпен арқалай алатын білімді, білікті әрі бастамашыл жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту екенін атап өтті.

– 2019, 2021 және 2023 жылы президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүргізілген болатын. Биыл 4-ші жастар кадр резервін жасақтауға жұмыстанып жатырмыз. Резервке енгендер үшін мансаптық өсуге жол ашылады. Қазіргі таңда резервке кірген жастардың 80%-ы жауапты лауазымдарға тағайындалды, – деді Тоқтамыс Жұмағұлов.

Айта кетейік Президенттік жастар кадр резервіне 35 жастан аспаған, жоғары білімі бар, кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар, қазақ тілін В1 деңгейінен төмен емес меңгерген азаматтар қатыса алады. Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады: құжат қабылдау, тестілеу, қабілетті бағалау, сараптамалық комиссияның сұхбаты және финалдық қорытынды. Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 1 маусымы мен 30 маусымы аралығында жүргізіледі.

Жиын соңында мемлекеттік қызметкерлер жобаның талаптары бойынша сұрақтарын қойып, тың ақпарат алды. Жастарға арналған бұл мүмкіндік үлкен маңызды қадам екенін жасырмады.

 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1010853?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді