Құрбан айт – қауіпсіздікпен басталсын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қасиетті Құрбан айт – мұсылман қауымы үшінмаңызды әрі ұлық мереке. Бұл күндері адамдар бір-біріне амандық тілеп, құрбандық шалып, ағайын-туыспен араласып, игі істер атқарады. Алайда, мерекелік көңіл-күймен қатар, қауіпсіздік мәселелерінде назардан тыс қалдыруға болмайды. Әсіресе, өртқауіпсіздігіне байланысты ережелерді сақтау – әразаматтың міндеті.

Өрт қауіпсіздігін не үшін ескеру маңызды?

Құрбан айт кезінде көбінесе далада құрбандық шалуғабайланысты от жағылады, дәнекерлеу шамдарықолданылады немесе уақытша пештер мен шамдарорнатылады. Бұл жағдайлар дұрыс қадағаланбаса, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.

Өрттің алдын алу үшін не істеу керек?

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасытұрғындарға келесі қарапайым, бірақ маңыздыережелерді ұстануды ұсынады:

• Аумақты құрғақ шөп, жапырақ, ағаш қалдықтарысияқты жанғыш материалдардан тазалаңыз.

• Қоқысты, әсіресе қосалқы құрылыстар маңынданемесе жел тұрған кезде жағуға қатаң тыйымсалынады.

• Дәнекерлеу немесе газ шамын қолдану кезінде тек қауіпсіздік талаптарына сай орында қолданыңызжәне ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.

• Балаларға от жағу құралдарын ұстатпаңыз жәнеолардың отпен ойнауына жол бермеңіз.

Қандай құралдар дайын болуы керек?

Әрбір тұрғын үй мен аулада келесі өрт сөндіруқұралдары міндетті түрде дайын болуы тиіс:

• Суы бар бөшке немесе шелек,

• Құм салынған ыдыс,

• Өрт сөндіргіш,

• Киіз, күрек, қосалқы саты.

Өрт шыққан жағдайда не істеу керек?

1. Дереу 101 нөміріне қоңырау шалыңыз.

2. Оқиға орнын нақты айтып, мүмкін себептерін, адам өміріне төнген қауіп жайлы мәлімет беріңіз.

3. Байланыс үшін өз атыңыз бен телефон нөміріңіздікөрсетіңіз.

4. Өрт сөндірушілер келгенге дейін отты сөндіругеәрекет жасаңыз – су, құм, өрт сөндіргіш немесетығыз мата пайдаланыңыз.

Құрбан айт – мейірімділік пен жауапкершілік мерекесі. Осы қасиетті күндері қауіпсіздікке бей-жай қарамай, өрттің алдын алып, өз жақындарыңыз бен қоғамғақамқор болыңыз. Мереке шаттықпен өтіп, ешқандайтөтенше жағдай орын алмасын!

Құрбан айт құтты болсын!
Қауіпсіздік – өз қолымызда!

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1010870?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді