
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Сарыарқа» ауданының ТЖ басқармасы «Бала қауіпсіздігі – басты назарда!» атты танымдық іс-шара ұйымдастырды.
Шара аясында балаларға арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне экскурсия ұйымдастырылып, құтқарушылар күнделікті қызметіндегі құрал-жабдықтарын таныстырып, құтқару тәсілдерін көрсетті. Сонымен қатар, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сабағы өтті.
Кішкентай қатысушылар түрлі эстафеталарға қатысып, командалық ойындарда бақтарын сынап, сурет салу байқауында шығармашылықтарын көрсетті. Шара соңында барлық балаларға тәттілер мен естелік сыйлықтар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1010364?lang=kk
Жауап қалдыру