
Мектеп оқушыларына Қарағанды қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен таныстыру экскурсиясы өтті
Аталған шара Балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» республикалық науқанының бір бөлігі екенін айта кеткен жөн.
Шараны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Қарағанды облысы бойынша филиалы ұйымдастырды. Оқушыларға Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы және офлайн және онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы егжей-тегжейлі айтылды. Цифрлық кәсіптер, олардың қоғам үшін маңыздылығы және IT және цифрлық қызметтер саласындағы мансаптық перспективалар туралы негізгі идеяларды қалыптастыруға баса назар аударылды.
«Баланың санасында цифрлық құралдарды қолданушы ретінде ғана емес, болашақ шешімдерді жасаушы ретінде неғұрлым ертерек түсінік қалыптасса, оның саналы кәсіби таңдау жасау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Біз әдеттегі онлайн сервистерді нақты адамдар жүзеге асыратынын және онда қызықты міндеттер орындалатынын жас буынға көрсеткіміз келді», – деп атап өтті Қарағанды облысы филиалы директорының міндетін атқарушы Жанғазы Рахимов.
Экскурсия барысында балалар Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысуға қызығушылық танытып, мемлекеттік қызмет көрсету барысын бақылап, көкейіндегі сұрақтарына тұшымды жауап алды.
Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өткенін және цифрлық ортада саналы және қауіпсіз мінез-құлықты дамытуға және мектеп оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталғанын атап өту керек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-buhar-zhyrau/press/news/details/1010366?lang=kk
Жауап қалдыру