🔰 ТҮЛКІБАС: ЕҢБЕК КОДЕКСІ ТАЛАПТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
📌 2025 жылдың 28 мамыр күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы Түлкібас ауданы, Ақбиік а/о, Сарытқөр ауылында орналасқан Түлкібас ауданы білім бөлімінің «М.Маметова атындағы шағын жинақты негізгі орта мектеп” КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
 
📌 Жүргізілген тексеру нәтижесімен таныстыру және орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ғалымжан Сейдуәліұлы мектеп ұжымымен кездесу ұйымдастырып, орын алған мәселелерге қатысты іс-шаралардың алдын-алу, болдырмау мақсатында ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
📌 Сонымен қатар, мектеп ұжымы тарапынан еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңдылықтарына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1009291?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді