1 маусым күні Қостанай облысының әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметкерлері арасындағы Спартакиада аяқталды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 маусым күні Тобыл қаласында Қостанай облысының әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметкерлері арасындағы Спартакиада аяқталды! Спорттың тоғыз түрінен жарысқа облыстың 26 мемлекеттік органынан 500-ден астам қызметкер қатысты!
Жалпы командалық есепте жүлдегерлер: 3 орын – Жітіқара ауданының әкімдігі, 2 орын – Жангелдин ауданының әкімдігі, 2025 жылғы спартакиаданың жеңімпазы Арқалық қаласы әкімдігінің командасы болды.
Спартакиаданың шешуші ойыны мини-футболдан финалдық ойындар өтті: 1 орын-Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті; 2 орын-Қостанай облысының әкімдігі; 3 орын-Қарасу ауданының әкімдігі.
Облыстық спартакиада қатысушыларын облыстық кезеңнің аяқталуымен құттықтаймыз! Естеріңізге сала кетейік, Спартакиада жүлдегерлері ағымдағы жылдың 10-16 маусымы аралығында Өскемен қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысу үшін облыс құрамасына енгізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/1009333?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді