
2025 жылдың 16 – 18 мамыр аралығында Семей қаласының жергілікті атқарушы органдары арасында іріктеу спартакиадасы өтті.
Аталған спорттық шараға Абай облысы Әділет департаментінің ұжымы белсенді түрде қатысып, футбол, жүзу және арқан тарту ойындары бойынша 2-орын алса, шахматтан әйелдер арасында Рахымбаева Балауса және ерлер арасында Ильясов Қуаныш 1-орынға ие болды.
Жарыс қортындысы бойынша Абай облысы Әділет департаментінің командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте жүлделі бірінші орынды иеленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/1009064?lang=kk

Жауап қалдыру