
Жітіқара ауданында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті
2025 жылғы 30 мамырда Аудандық Мәдениет сарайында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.
Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тегін заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған және бүкіл Республика бойынша бірнеше жыл бойы өткізілуде.
Азаматтарға адвокат, заң кеңесшісі, нотариус, сот орындаушылары, мемлекеттік мекемелердің басшылары кеңес берді.
Аудан тұрғындары әртүрлі салалар бойынша тегін заң көмегін алды, атап айтсақ: мұрагерлік құқық, зейнетақы заңнамасы, отбасылық құқық, атқарушылық іс жүргізу және басқалар.
Естеріңізге сала кетейік, әр айдың соңғы жұмасында аудан әкімдігінің ғимаратында тегін құқықтық көмек көрсетіледі, заңгерлік кеңеске мұқтаж кез келген азамат өтініш жасай алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1009065?lang=kk

Жауап қалдыру