
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаменті ұйымдастырған кездесуге қатысты.
Кездесу барысында, Омбудсмен өкілі Қазақстан Республикасының Конституциясында және Республика бекіткен Халықаралық шарттарда адам және азаматтарға кепілдік берілген іргелі құқықтар, БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметінің міндеттері туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр “Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодекс нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелері” бойынша баяндама айтып өтті.
Әсіресе, кездесу барысында мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарға (лудоманияға) тәуелділік мәселесі көтерілді. Осы мәселе бойынша, лудоманияның алдын алу шаралары, қызметкерлермен психологиялық жұмыстар жүргізу, құқықтық және әлеуметтік қолдау мәселелері айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1006950?lang=kk

Жауап қалдыру