
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг 2025 жылдың жазғы кезеңінде қала бойынша екінші санаттағы 27 ашық су қоймаларында су бойынша жүргізіледі (Алатау ауданының аумағы арқылы 5, Алмалы – 2, Әуезов – 1, Бостандық – 3, Жетісу – 3, Медеу – 8 және Түрксіб – 5 ашық су қоймасы ағып өтеді).
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде жоспарға сәйкес екінші санаттағы ашық су қоймаларынан суды зертханалық іріктеу ай сайын мамырдан қыркүйекке дейін микробиологиялық, санитариялық-химиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге жүргізілетін болады.
Алматы қаласы әкімінің 2019 жылғы 9 шілдедегі «Алматы қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындар белгілеу туралы» №3/447 қаулысына сәйкес Алматы қаласында халық үшін жаппай демалу, туризм және спорт үшін су объектілерінде 4 демалыс аймағы айқындалған:
– Д. Қонаев атындағы ҮАК – Баум тоғайы жағажайы;
– Д. Қонаев атындағы ҮАК – Гүлдер жағажай демалыс аймағы;
– Сайран көлі, шығыс жағы Алмалы ауданы, жағажай Төле би көшесінен оңтүстік бағытта 200 метр, көлдің батыс жағы Әуезов ауданы – жағажай оңтүстік бағытта Төле би көшесінен пирске дейін 300 метр.
Алайда, жоғарыда аталған жағажайлар мынадай себептер бойынша жұмыс істемейді: Сайран маусымдық көлінде 2023 жылдан бастап абаттандыру және жағалау сызығын қайта құру бойынша жұмыстар жалғасуда; Жетісу және Түрксіб аудандарындағы Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналына (бұдан әрі-ҮАК) өткен жылдардағыдай осы жазда да су берілмейді (Алматы облысында орналасқан Бартоғай су қоймасында судың тапшылығына байланысты, бұрын ҮАК-ға су аталмыш су қоймасынан келіп түскен).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1006177?lang=kk

Жауап қалдыру