Интернет-алаяқтықтан сақтану және оның алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі уақытта интернет-алаяқтық тақырыбы одан әрі өзекті бола бастады, ал онымен тап болғанда не істеу керектігін білмейтін және ондайға тойтарыс бере алмайтын адамдар сол алаяқтықтың құрбандары болып жатады.

Осыған байланысты Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының тапсырмасы бойынша ішкі қауіпсіздік бөлімімен қызметкерлер арасында интернет-алаяқтықтан сақтану және оның алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинарға ҚР Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілдері, полиция капитаны Ғ.Т. Ауезханов және полиция подполковнигі К.А. Бахтубаева шақырылды.

Полиция өкілдері Департамент қызметкерлеріне интернет-алаяқтықтан сақтану және оның алдын алу бойынша бірқатар ұсынымдар беріп, практикада кездескен оқиғалар және статистикалық мәліметтер туралы айтып берді.

Бұдан бөлек, интернет-алаяқтыққа тап болған жағдайда дереу полицияға хабарласып, қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, қандай жауаптылықтар көзделгені туралы ескертілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1006178?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді