
Мемлекеттік рәміздер мерекесі күніне орай Ақжар мәдениет үйінің алдында салтанатты іс-шара өтті. Аталмыш іс-шараға аудан әкімінің орынбасары М.Қызов қатысып, Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл күннің егемен еліміз үшін айрықша мерейлі әрі маңызды екенін атап өтті. ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне байланысты түрлі іс-шаралар, соның ішінде мемлекеттік Әнұран орындау, автошеру өтті. “Тарбағатай аудандық мәслихатының аппараты”ММ бір мезетте Әнұран орындау сәтіне қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1011615?lang=kk
Жауап қалдыру