Риддер қаласында жаңа заманауи мектептің құрылысы жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Риддер қаласының әкімі Думан Рахметкалиев ата-аналар комитеті және қоғамдық кеңестің өкілдерімен бірге жаңа «Шаңырақ» мектебінің құрылыс алаңына барып қайтты.
Авторлық және техникалық қадағалау өкілдері құрылыс жұмыстарының қазіргі барысы туралы жан-жақты түсініктеме беріп, құрылыстың бекітілген мерзімдерге сәйкес, барлық сапа стандарттары мен талаптарын сақтай отырып жүргізіліп отырғанын, барлық құрылыс материалдары бекітілген техникалық сипаттамаларға сәйкестігі қатаң бақыланып сатып алынатынын атап өтті.
Мердігер ұйым өкілдерінің айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстарының негізгі құрылымдық кезеңін аяқтап, ғимаратты шатырмен жабу жоспарланып отыр. Бұл алдағы қыс мезгілінде ішкі әрлеу жұмыстарын кедергісіз жүргізуге мүмкіндік береді.
Қала әкімі жұмыс сапасы мен мерзімінің сақталуын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін, сондай-ақ, мұндай маңызды жобаларды іске асыру барысында қоғамдық және ата-аналар қауымдастығымен ашық диалог орнатудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сабыр Вильданұлы Қағарманов мектеп құрылысына қолдау білдіріп, оның болашақ ұрпақ үшін маңызын айта келе:
«Біз қаланың қалай өзгеріп жатқанын көріп отырмыз. Мұндай заманауи мектептің бой көтеруі – білім саласының дамуына жасалған үлкен қадам ғана емес, сонымен қатар балалар мен қаламыздың болашағына деген қамқорлықтың символы. Жастар игілігіне бағытталған бастамаларды аға буын әрдайым қолдайды», — деді ол.
Қоғамдық кеңес мүшесі Еркебұлан Төлеуханов та құрылыс барысына оң бағасын беріп, мердігер, жергілікті билік және қоғам арасындағы белсенді өзара іс-қимылды ерекше атап өтті.
«Біз үшін мектептің тек уақытылы салынуы ғана емес, сонымен қатар оның заманауи талаптарға толық сай болуы аса маңызды. Қоғам өкілдері ретінде біз бақылау жүргізуді жалғастырып, халық пен атқарушы органдар арасындағы байланыстырушы буын болуға дайынбыз», — деді ол.
Құрылыс алаңына сапар барысында болашақ мектептің негізгі нысандары араланып, келесі кезеңдер талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1011614?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді