
Өсімдік зиянкестерімен бірігіп күресейік!
Қазіргі таңда ауылшаруашылығы өнімдері сапасы мен қауіпсіздігі, оның ішінде өсімдік шаруашылығы да басты назарда. Өсімдіктер зиянкестерінің ішінде қауіптілерінің бірі – ол шегіртке тектестер. Бұл зиянкестермен уақытында күрес жұмыстарын жүргізбесе, егістік және жалпы ауылшаруашылық алқаптарына орасан зор зиян келтіруі мүмкін осы мақсатта ауыл шаруашылық құрылымдары зиянкестермен бірігіп күресу сұралады.
Ауданымызда бұл зиянкестердің таралуына даму фазаларына қарай көктемнен күзге дейін ҚР АШМ АӨК МИК «РФД және БӨО» РММ Тарбағатай аудандық филиалы мониторингтік жұмыстар жүргізеді. Шегіртке тектестердің Тарбағатай ауданында аса қауіті италиян прусы және саяқ шегірткелері таралған. Осы зиянкестерге мониторингтік зерттеу жұмыстары барысында ЭЗШ – нен (экономикалық зиянды шегі) асқан ауылшаруашылық алқаптарының координатасы жазылып тіркеледі. Аталған мекеме тарапынан аудандық аумақтық инспекцияға жедел хабарлама түсіріледі.
Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы ұжымы 2025 жылға жоспарланған іс-шараларды 1000 га итальян прусс шегіркесіне Ақжар, Жетіарал, Қарасу, Қабанбай ауылдық округтері аумағында, 5200 га саяқ шегіркесіне Ақжар, Жетіарал, Қарасу, Қабанбай, Құйған, Жаңаауыл, Маңырақ ауылдық округтері аумағында химиялық өңдеу жұмыстары уақытында және сапалы атқару бағытында жұмыстар жүргізіледі.
Атап айтқанда, 2025 жылдың 15 мамырдан бастап Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округінің мемлекеттік жер қоры есебіндегі «Шұбар» «Жиырма тай» және «Апақай» учаскесінде өсімдіктердің аса қауіпті зиянкесі италиян прусына қарсы 300 гектар жайылымдық жерге химиялық жолмен күрес жұмыстары жүргізілді. Химиялық жолмен өңдеу жұмыстары жер үсті бүріккішімен жүргізіліп жатыр, оған «Ацет 200» және «Корвет» пестицидтері қолданылуда.
2025 жылдың 20 мамырдан бастап Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округтеріне қарасты «Сәрке» және «Қырман» жер телімдеріне өсімдіктердің аса қауіпті зиянкесі италян прусына қарсы 400 гектарға жер үсті бүріккішімен химиялық жолмен өңдеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда 3600 гектар саяқ шегірткеге, 700 гектар италян прусы шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Тарбағатай аудан тұрғындарының назарына химиялық өңдеу жүргізген қауіпті аймаққа 10 күнге дейін мал бағуға, адамдардың жүруіне тиым салынады.
Сұрақтарыңыз болған жағдайда, Ақжар ауылы Рысқұлова 69 ғимаратта орналасқан ҚР АШМ АӨК МИК Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясына келіп ақпарат алуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tarbagatay/press/news/details/1011613?lang=kk
Жауап қалдыру