Дайындық және Қаратомар ауылдарының тұрғындарымен тұрақты кездесулер

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аққайың ауданының әкімі Жанар Поселкеқызы Құсайын тұрақты кездесулер аясында Дайындық және Қаратомар ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді белсенді түрде көтерді. Атап айтқанда, ауылішілік жолдарды жөндеу және көше шамдарын орнату мәселелеріне ерекше назар аударылды. Барлық өтініштер мұқият тыңдалып, бақылауға алынды. Әрбір мәселе бойынша жауапты қызметтерге нақты тапсырмалар беріліп, оларды шешу жұмыстары жедел түрде басталды. Кездесу қорытындысы бойынша алғыс хаттар табысталды:
– Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен;
– Қызылжар ауданы әкімінен – Тепличное ауылындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін.
Ауыл тұрғындарының барлық ұсыныстары алдағы іс-шараларды жоспарлау барысында міндетті түрде ескерілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akkayiyn/press/news/details/1013291?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді