
Құрметті түлектер, ұстаздар және ата-аналар! Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылып, мыңдаған түлек жаңа өмірге қадам басуда. Бұл – балалықпен қоштасып, үлкен армандар мен биік мақсаттарға жол ашатын ерекше сәт. Сіздерді осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын!
Қымбатты түлектер! Бүгін сіздер балалық шақтың шуақты кезеңі өткен алтын ұя – мектебіңізбен қоштасып отырсыздар. Алда – жаңа мүмкіндіктер, жаңа мақсаттар мен үлкен жауапкершілік күтіп тұр. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Білімге салынған инвестиция – болашағымызға салынған инвестиция. Біз заман талабына сай жауап бере алатын, бәсекеге қабілетті Қазақстанды құратын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек». Сол жауапкершілікті атқаратын – сіздерсіздер, қымбатты жастар! Сіздерге өз күшіңізге сенімділік, табандылық, армандарға деген сенім мен таңдаған жолдарыңызда сәттілік тілеймін. Ұстаздарға – қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Ата-аналарға – балаларыңыздың жетістіктері қуаныш пен мақтаныш сыйласын деймін. Соңғы қоңырау – жаңа бастамалардың, жаңа жетістіктердің бастауы. Баршаңызға жарқын болашақ, мықты денсаулық және биік белестерді бағындыруды тілеймін! Мерекелеріңізбен!
Аққайың ауданының әкімі Ж.Құсайын
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akkayiyn/press/news/details/1013290?lang=kk

Жауап қалдыру