Смирново ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аққайың ауданының әкімі Жанар Құсайын Смирново ауылының тұрғындарымен кезекті жоспарлы кездесуін өткізді. Ашық диалог форматында өткен кездесуде ауыл тұрғындарын толғандырған бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда — жолдарды жөндеу және құмдау, көше шамдарын орнату, нөсер суларын ағызатын жүйе қажеттігі сөз болды. Сондай-ақ, ауған соғысы ардагерлеріне арналған орнатылған мемориал үшін алғыс білдірілді. Көтерілген барлық мәселелер тиісті сала мамандарымен бірлесіп қарастыру үшін бақылауға алынды. Сонымен қатар, кездесу барысында Қызылжар ауданы әкімінің және СҚО төтенше жағдайлар департаментінің атынан ауыл тұрғындарына Қызылжар ауданының Тепличное ауылында өткен су тасқынына қарсы іс-шараларға белсене қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akkayiyn/press/news/details/1013289?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді