Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті отандастар! Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Арайлы азаттығымыздың кепілі – Мемлекеттік рәміздер дүниеге келіп, Елбасының Жарлығымен 4 маусым күні мемлекеттік маңызы бар айтулы даталар қатарына қосылды. Бұл күн – ақталған үміт күні болып біздің егемен Қазақстан тарихының төрінен орын алды.

Бүгінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – қиырда жүрген әр қазақ мақтан тұтатын, халқымыздың береке-бірлігін арттыра түсетін бойтұмарға айналды. Рәміздеріміз арқылы дөңгеленген дүниеге біз үшін тыныштық пен түсіністік, ізгілік пен татулықтан асқан қымбат ұғым жоқ екенін жеткізіп келеміз.

Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын! Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-karkara/press/news/details/1011642?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді