
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран – біздің ұлттық игілігіміз, ел тарихына, мемлекеттік тілге, мәдениетке және дәстүрге деген терең құрмет көзі. Мемлекеттік рәміздер ұлттық мерекелерден бастап спорттық жеңістерге дейін, Отан тағдырындағы ең маңызды сәттерде барлығымызды біріктіреді.
Ресми халықаралық іс-шараларда Отанымыздың әнұраны шырқалса немесе көк ту көтерілсе, әрбір қазақстандық мақтаныш пен патриотизм сезімін сезінеді.
Мемлекеттік рәміздер Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясатты негізге алатын құндылықтарды бейнелейді. Бұл – ашықтық, бейбітшілік, еркіндік, тәуелсіздік және келісім. Мемлекеттік рәміздер біздің азаматтарымыз бен өскелең ұрпақ үшін үлкен адамгершілік мәнге ие.
Құрметті жерлестер! Осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, амандық, бейбітшілік тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін, еліміздің Мемлекеттік туы биіктен желбіресін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sandyktau/press/news/details/1011643?lang=kk
Жауап қалдыру