
Құрметті Қараөткел ауылдық округінің тұрғындары!
Мұсылман зиратының жоспардан тыс толуына және жерлеудің одан әрі мүмкін болмауына байланысты ауылдық округ әкімінің 23.05.2025 жылы №1 «Целиноград ауданы Қараөткел ауылында орналасқан мұсылман зиратын жабу туралы» шешімі қабылданғандығын хабарлаймыз.
Шешімде көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының №442-ІІ Жер кодексіне, 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңына, ҚР ҚЖ З.02-141-2014 «Қазақстан Республикасының Зираттарды жобалау және күтіп ұстау» қағидалар жинағына» сәйкес, жаңадан жерлеу рәсімдерін жүргізу тоқтатылды және оның жабылу сәтінен бастап 40 (қырық) жыл ішінде оны пайдалануға (жасыл желек отырғызуға) шектеу қойылды.
Сондай-ақ ары қарай жерлеу рәсімдерін жүргізуді қамтамсыз ету үшін «Қараөткел ауылынан Қараөткел ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не 0,3000 га жер учаскесі бөлінді
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd-karaotkel/press/news/details/1012965?lang=kk
Жауап қалдыру