2025 жылдың басынан бері Жетісу облысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 75 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде 27 дерек — сату, 7 дерек — сақтау фактілеріне қатысты. Заңсыз айналымнан 54 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Атап айтқанда:
– гашиш — 416,25 грамм,
– синтетикалық есірткі — 15,29 келі,
– қарасора — 981,34 грамм.
10 қаңтардан бастап заңнамаға өзгерістер енгізілді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске есірткіні медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін 440-1-бап қосылды. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша жаза мерзімдері қысқартылды:
– сату мақсатымен сақтау — 5 жылдан 8 жылға дейін,
– жөнелту — 6 жылдан 10 жылға дейін,
– сату — 7 жылдан 12 жылға дейін.
31 мамырдағы жағдай бойынша облыста есірткіге тәуелді 236 адам есепте тұр, олардың 47-сі — 18 бен 29 жас аралығындағы жастар. Кеңестік бақылауда — 78 адам. Стационарлық ем қабылдағандар — 18, оның ішінде 2 адам мәжбүрлі түрде емделуде.
Ақпанда Талдықорғанда есірткі саудасын ұйымдастырған үш адамнан тұратын топ ұсталды. Ал 30 мамырда есірткіге қарсы іс-қимыл бойынша құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
1 маусымнан бастап облыс аумағында «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық шарасы басталды. Оның аясында 630-дан астам профилактикалық іс-шара өткізілді, 705 ақпараттық материал жарық көрді. Бұл жұмысқа еріктілер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар мен жергілікті билік өкілдері белсенді атсалысуда.
Өңірде есірткіге қарсы күрес кешенді түрде жүргізілуде. Негізгі басымдық — профилактика мен ведомствоаралық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1012964?lang=kk
Жауап қалдыру