
САЙРАМ АУДАНЫНДА «ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен және «Сервистік әрі клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес, Сайрам ауданында «Қызмет алушылар күні» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы бойынша филиалының Сайрам аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында азаматтарға тұрғылықты жері бойынша тіркеу (тұрақты/уақытша), қандас мәртебесін рәсімдеу, шетелге шығуға қажетті құжаттарды дайындау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібі бойынша кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар тұрғындардың сауалдарына нақты жауап беріп, тиісті кеңестер ұсынды.
Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті әзірлеген ақпараттық брошюралар таратылып, мемлекеттік қызметтерді алу және шағымдану тәртібі жөнінде жан-жақты мәлімет берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – халықпен кері байланысты нығайту, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1012541?lang=kk

Жауап қалдыру