
🔹ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында “Ұлытау Мейірім” Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай өткен салтанатты іс-шараға қатысты.
Іс-шараға облыстық Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері де қатысып, ел рәміздерінің маңызы мен оларды құрметтеудің қоғам үшін мәні туралы ойларымен бөлісті.
“Ұлытау Мейірім” орталығы — мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған күндізгі мекеме. Мұнда 18 бен 35 жас аралығындағы ерекше күтімді қажет ететін 23 жас азамат тәрбиеленуде. Олар үшін бұл орталық – тек қана білім мен даму орны емес, сондай-ақ мейірім мен қолдауға толы екінші үйге айналған.
А.Б. Каримов өз сөзінде ерекше жандардың құқықтарын қорғау, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау – ортақ міндет екенін атап өтіп, орталық ұжымының еңбегіне жоғары баға берді.
Мұндай игі бастамалар азаматтық қоғамның дамуына серпін беріп, адамгершілік құндылықтарды нығайта түсері сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1012539?lang=kk

Жауап қалдыру